Қазақстан Республикасының Президенттік орталығына экскурсия
2025-06-04 14:00
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Томирис» медициналық колледжінің 1-курс студенттері, Ералина А.Е. жетекшілігімен, Қазақстан Республикасының Президенттік орталығына экскурсия жасады.
Орталық қызметкерлері студенттерге арнайы экскурсия ұйымдастырып, Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің жасалу тарихы, маңызы және авторлары туралы мазмұнды ақпарат берді.
Сонымен қатар студенттер көне дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын тарихи-мәдени мұралармен және археологиялық артефактілермен, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның даму жолын бейнелейтін экспозициялармен танысты.
Президенттік орталыққа жасалған бұл экскурсия студенттер үшін танымдық әрі пайдалы шара болды. Олардың мемлекеттік рәміздерге деген құрметі мен ел тарихына деген қызығушылығы артты, білім көкжиегі кеңейіп, мәдени мұраның құндылығын тереңірек түсінді.