Томрис жаңалықтар

«Жақсылық жаса» атты акция

«Жақсылық жаса» атты акция аясында бүгін колледждің 1 ЛД11 тобының студенттері қарттарға арналған «Жанашыр» пансионатына барды.

Колледжде игі дәстүр қалыптасқан — оқу жылы бойы барлық топтардың қатысуымен «Жақсылық істер марафоны» өткізіледі.

Басты мақсат — пансионат тұрғындарына қамқорлық пен жылулық сыйлау, себебі оларға жақындарының мейірімі мен көңіл бөлуі жетіспейді.

Мұндай шаралар студенттерді мейірімділікке, ізгі істерге баулиды. Олар үлкендерді құрметтеп, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуді үйренеді. Әңгіме-дүкен құрып, жылы сөзбен бөлісу қарттарға қуаныш пен жақсы көңіл күй сыйлады.