Томирис жаңалықтар

«Білім күні. Бейбітшілік күні!» тақырыбында тәрбие сағаты

Бүгін біздің колледждің 1-курс топтарында кураторлар «Адал Азамат» бағдарламасы аясында «Білім күні. Бейбітшілік күні!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізді.

Тәрбие сағатының мақсаты:

  1. Студенттердің білімге деген құндылықтық көзқарасын қалыптастыру, өз Отанында қажет әрі пайдалы болуға ұмтылысын дамыту, патриотизм сезімін тәрбиелеу;
  2. Қоғамның әртүрлі салаларында өзін көрсетуге дайын, кәсіби маңызды қасиеттерді дамыту, белсенді өмірлік ұстаным қалыптастыру, өзін-өзі оқыту мен дамытуға бағыт беру, тұлғаның шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;
  3. Студенттерге адалдыққа, еңбекқорлыққа және ісіне жан-жақты жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу; әділдік пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру;
  4. Адал және жауапты өмір сүруге ұмтылыс қалыптастыру.

Барлық колледж студенттерін жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! 🎉