«Білім күні. Бейбітшілік күні!» тақырыбында тәрбие сағаты
2025-09-01 16:00
Бүгін біздің колледждің 1-курс топтарында кураторлар «Адал Азамат» бағдарламасы аясында «Білім күні. Бейбітшілік күні!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізді.
Тәрбие сағатының мақсаты:
Студенттердің білімге деген құндылықтық көзқарасын қалыптастыру, өз Отанында қажет әрі пайдалы болуға ұмтылысын дамыту, патриотизм сезімін тәрбиелеу;
Қоғамның әртүрлі салаларында өзін көрсетуге дайын, кәсіби маңызды қасиеттерді дамыту, белсенді өмірлік ұстаным қалыптастыру, өзін-өзі оқыту мен дамытуға бағыт беру, тұлғаның шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;
Студенттерге адалдыққа, еңбекқорлыққа және ісіне жан-жақты жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу; әділдік пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру;
Адал және жауапты өмір сүруге ұмтылыс қалыптастыру.
Барлық колледж студенттерін жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! 🎉