2025 жылғы 8 мамыр күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Томирис» медициналық колледжінің спорт залында 1-курс студенттері арасында Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған «Саптық ән» байқауы өтті.
Іс-шараның мақсаты — жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, тарихи сананы дамыту, сондай-ақ студенттердің сахналық және саптық шеберліктерін жетілдіру болды.
Байқауға әр оқу тобынан құрылған командалар қатысып, жоғары деңгейдегі саптық дайындықтары мен әскери-патриоттық әндерді орындаудағы шеберліктерін көрсетті. Отан, ерлік пен батырлық туралы әндер орындаған студенттер көрермендер мен қазылар алқасын ерекше әсерге бөледі.
Жеңімпаздар төмендегідей номинациялар бойынша анықталды:
🔹 «Үздік саптық дайындық»
🥇 I орын — 1ЕІА тобы
🥈 II орын — 1ЕІВ тобы
🥉 III орын — 1ЕІБ тобы
🔹 «Үздік ән орындау»
🥇 I орын — 1МІА тобы
🥈 II орын — 1МІБ тобы
🥉 III орын — 1ЛД+СД тобы
Қазылар алқасы қатысушылардың саптық дайындықтарын, сахналық мәдениеттерін, сондай-ақ әндердің мазмұны мен орындау сапасын бағалады.
Байқау соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді.
Бұл іс-шара ел тарихына деген құрметтің және ата-бабаларымыздың ерлігін ұлықтаудың жарқын үлгісіне айналды. Студенттер өздерінің Отанға деген сүйіспеншіліктерін өнер мен бірліктің күші арқылы паш етті.