Томрис жаңалықтар

Кинотеатр

«Томирис» медициналық колледжінің 2 Мейіргер ісі А тобының студенттері мен олардың жетекшісі Ахмеджанова Салтанат Кажмухановна сабақтан тыс уақытта, демалыс күндері жиналып, кинотеатрға барды. Студенттер топтасып, қаладағы кинотетатрдің бірінен “Қайтадан” фильмін таңдады. Фильм 2010 жылының 11 наурыздан 12 наурызға қараған түні Қызылағаш су қоймасындағы бөгеттің бұзылуынан Қызылағаш ауылы шайылып, шамамен 150 адам ізім-қайым жоғалған қайғылы оқиға туралы. Фильм көрсетілімі барысында олар ерекше әсер алып, жаңа ой түйді. Көрсетілім аяқталғаннан кейін студенттер мен жетекші өзара пікір алмасып, алған әсерлерімен бөлісті. Бұл шара топтағы достық қарым-қатынастың нығая түсуіне ықпал етті.