Томрис жаңалықтар

Медицина ардагерлері мен тәлімгерлерімен кездесу

13 мамыр 2025 жылы колледж студенттері денсаулық сақтау саласының еңбек сіңірген қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу болашақ медицина қызметкерлері үшін қызықты да мазмұнды өтті. Қонақтар студенттермен тәртіп, жауапкершілік және отаншылдық сияқты әрбір медицина маманына тән қасиеттер туралы әңгімелесті.

Тәлімгерлер атынан сөз сөйлеген, ұзақ жылдар бойы медбике болып еңбек еткен Шохметова Г.Ж. студенттерге жылы лебізін білдірді. Ол өз сөзінде:

«Әрқайсыңыз осы мамандықты жүрек қалауымен таңдадыңыз деп сенемін. Себебі медицина — ең жауапты сала. Бұл жерде өз ісіне шексіз берілген, үнемі үйренуге және жаңа білімге ұмтылатын адамдар жұмыс істейді», — деді.

Кездесу жылы әрі әсерлі атмосферада өтті. Студенттер ардагерлер мен тәлімгерлерге өз ризашылықтарын білдірді.