Сарайшық ауданы әкімдігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес 2025 жылы 31 қазан күні «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ-інің Астана қалалық филиалы директоры Рахметуллин Д.Р, Астана қаласы Білім басқармасының кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Мұхамеджанқызы Г, "Томирис" Медицина колледжінің ұжымы және білім алушыларымен «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» атты тақырыпта кездесу өткізілді. Сонымен бірге аталған тақырып бойынша видеоролик көрсетіліп, шара қатысушылар сауалдарын жолдап, пікір білдіріп, сұрақтарына толық, түсінікті жауап алды.