«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында 2025 жылғы 10 сәуірде «Томирис» медициналық колледжінде Жұмыс беруші күніне арналған колледж түлектері мен әлеуметтік серіктестердің кездесуі өтті.
Іс-шараға медициналық мекемелерден келген әлеуметтік серіктестер, колледж оқытушылары мен студенттер қатысты.
Колледждің өндірістік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Ембергенова А.М. өз сөзінде студенттік кезеңнің өмірдегі ең жарқын, көңілді әрі маңызды уақыт екенін атап өтті. Бұл — білім мен тәжірибе алудың, кәсіби қалыптасудың және өмір бойы сақталатын достық байланыстардың бастау алатын кезеңі екенін ерекше айтты.
Бүгінде біздің түлектер — өз ісінің маманына айналған фельдшерлер, медбикелер мен акушерлер, олар таңдаған мамандықтарына адалдықтарын еңбек жолында дәлелдеп келеді. Сондай-ақ, колледж ашылған күннен бері «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі» және «Акушерлік іс» мамандықтары бойынша 500-ге жуық түлек бітіріп шыққанын, олардың еліміздегі әртүрлі медициналық мекемелерде қызмет етіп жатқанын және кейбірінің шетелдік жоғары оқу орындарында білімін жалғастырып жатқанын айтты.
Тәжібaева С. – 2020 жылғы «Емдеу ісі» мамандығының түлегі, жедел медициналық жәрдем фельдшері ретінде өз жұмысы туралы баяндама жасап, алғашқы көмек көрсетуде фельдшер үшін ең маңызды дағдылар мен туындайтын қиындықтар туралы айтты.
Бақыткелді Д. және Әбілмәжінов А. – 2024 жылғы түлектер, қазіргі таңда Түркиядағы медициналық жоғары оқу орнында білімдерін жалғастыруда. Олар шетелде оқуда кездесетін қиындықтармен бөлісіп, колледжде алған білімдерінің үлкен негіз болғанын атап өтті және ұстаздарына ризашылықтарын білдірді.
Кездесу барысында студенттер түлектерден сұхбат алып, олардың колледжді бітіргеннен кейінгі еңбек жолдары мен жетістіктері туралы білді. Әр түлекке естелік сыйлықтар табыс етілді.
✨ Бұл шара колледж дәстүрін жалғастырып, түлектер арасындағы ұрпақтар сабақтастығын сақтау жолында маңызды бастама болды.