Томирис жаңалықтар

Медициналық колледж студенттері Ұзақ өмір сүру орталығына барды.

2025-05-28 15:00
3МІ11 тобының студенттері салауатты өмір салты туралы ақпарат дайындап, егде жастағы адамдармен әңгімелесті, квестке қатысты және денсаулықты сақтау бойынша кеңестер берді.

Медициналық қызметкердің үлкен буын өкілдерімен қарым-қатынасы – бұл өзара түсіністік пен құрметтің көрінісі. Олар ортақ қызығушылықтар — өнер, шығармашылық және спорт арқылы бірігеді. Бұл кездесу барысында болашақ медицина қызметкерлері үлкендерден өмірлік тәжірибе алып, өздерінің кәсіби және адами қасиеттерін дамытты.