Томрис жаңалықтар

Туған өлке тұлғалары

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Емдеу ісі» мамандығының 1-курс студенттері ЖРО «Астана жастары» ұйымдастырған «Туған өлке тұлғалары» атты кездесуге қатысты. Кездесудің қонағы — жоғары санатты жаттықтырушы, халықаралық санаттағы төреші, спорт шебері, «Шапағат» орденінің иегері және «Изумруд» гимнастика мектебінің негізін қалаушы Балғынбаева Меруерт болды.

Іс-шараның мақсаты — туған өлкенің мақтанышына айналған тұлғаларды жастарға таныстыру, олардың жетістіктері арқылы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, мақсатқойлық пен еңбекқорлыққа тәрбиелеу, сондай-ақ өмірлік және кәсіби тәжірибелері арқылы жастарды ынталандыру.