10 қыркүйек күні колледжде 1–4 курс студенттері арасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында, Отбасы күніне арналған «Отбасы — адамзаттың бесігі» тақырыбында кураторлық сағаттар өтті.
Отбасы — баланың алғашқы тәрбиесінің ошағы, онда ол тәуелсіздік, бірлік, өзара қолдау, әділдік пен жауапкершілік сияқты негізгі құндылықтарды бойына сіңіреді. 👨👩👧👦
Кураторлық сағат барысында студенттер адамның және қоғамның өміріндегі отбасының маңызы туралы әңгімелеп, өз отбасылық дәстүрлері мен құндылықтарымен, жылы естеліктерімен бөлісті. Олардың әңгімелерінен ең жақын жандарға деген сүйіспеншілік пен құрмет айқын сезілді. ✨
Мұндай іс-шаралар жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтуға, ата-аналар мен үлкендерге деген құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, отбасы — әр адамның бақыт пен берекесінің бастауы екенін еске салады.