Томирис жаңалықтар

Бүгін қалалық Оқушылар сарайында Қамқоршылар күніне арналған мерекелік концерт өтті.

2025-10-30 14:00
«Қамқоршылар күні» — бұл ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тәрбиесі мен болашағы үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жандарға арналған ерекше мереке. Әр бала жылулыққа, қамқорлық пен сүйіспеншілікке мұқтаж, ал қамқоршылар жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға нағыз сүйіспеншілікке толы отбасыда өмір сүру мүмкіндігін сыйлайды.

Мерекеге орай өткен концертке қамқоршылар, мектеп оқушылары, колледж студенттері, психологтар мен елордалық әлеуметтік педагогтар қатысты.

Іс-шара ұйымдастырушылары қамқоршыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады. Қамқоршылар өз кезегінде көрсетілген ілтипат пен назар үшін ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

🌸 Қуаныш сыйлаңыз — сонда әлем мейірімді бола түседі!