Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, ұжымдағы өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Командалық жұмыс. Педагогтардың коммуникативтік дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру» тақырыбында тренинг өткізілді.
Тренинг интерактивті форматта ұйымдастырылып, топтық жұмыстарды, практикалық тапсырмаларды, пікір алмасуларды және командалық жаттығуларды қамтыды. Іс-шара барысында қатысушылар тиімді қарым-қатынас орнату, бірін-бірі тыңдау, әріптестермен бірлесе жұмыс істеу және кәсіби мәселелерді бірлесіп шешу дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмаларды орындады.
Тренинг барысында педагогтардың эмоционалдық интеллектін дамытуға, сенімді қарым-қатынас орнатуға және ұжымдағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Іс-шара жылы, ашық және еркін атмосферада өтті. Мұғалімдер белсенділік танытып, тапсырмаларға жоғары қызығушылықпен қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.