Томирис жаңалықтар

«Көктем аруы – 2025» байқауының Гран-при иегері — біздің мақтанышымыз!

2025-05-29 14:00
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Астана қаласы Сарайшық ауданының оқу орындары арасында өткен «Көктем аруы – 2025» байқауы өз мәресіне жетті. Бұл шара сұлулық пен зерделілік, талант пен білім жарасқан жарқын кешке айналды.

Байқауға елорданың жетекші колледждері мен университеттерінен 9 ару қатысты.

Қызу әрі тартысты сайыстың нәтижесінде «Томирис» медициналық колледжінің 2-курс студенті Әділханова Рахиля өз сымбаты, сұлулығы, зеректігі мен білімі арқылы қазылар алқасының жүрегін жаулап, «Көктем аруы – 2025» атағы мен Гран-приді жеңіп алды! 👑

Бұл жеңіс — Рахиляның жеке жетістігі ғана емес, бүкіл колледжіміздің мақтанышы!

📚 Ерекше алғысымызды қоғамдық пәндер оқытушысы Анарбек Улжан Үсенқызына білдіреміз — ол әрқашан білім мен тәрбиені үйлестіре отырып, шәкірттеріне шабыт береді.

Рахиляның жетістігі — рухани сұлулық пен ұлттық құндылықтарды тоғыстырған жас ұрпақ тәрбиесінің жарқын үлгісі.

🌟 Бұл жеңіс өскелең ұрпаққа шабыт пен сенім сыйласын!