Томирис жаңалықтар

Семинар-практикум

2026 жылғы 29 қаңтарда колледж оқытушыларымен жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында «Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.

Семинар-практикумның мақсаты – педагогтердің жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу саласындағы кәсіби құзыреттілігін арттыру, жасөспірімдерде өмірге төзімді көзқарастарды қалыптастыруға бағыт беру, адам өмірінің құндылығы туралы ойлануға жетелеу, «Өмір» ұғымының мәні мен көпқырлылығын ашу.

Семинар-практикум барысында жасөспірімдердегі депрессия белгілері, өзін-өзі зақымдаушы мінез-құлықтың себептері қарастырылды.

Семинар соңында кураторларға көмек ретінде жадынамалар, буклеттер, ұсынымдар, бейнематериалдар, сондай-ақ психоэмоциялық жағдайды өзін-өзі реттеуге арналған әдіс-тәсілдер мен жаттығулар ұсынылды.

Семинар-практикумды колледж психологы Костанова Ж.С. өткізді.