Өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың өзгеруі, қалыптасқан демографиялық ахуал, кәсіптік білім беретін оқу орындары арасындағы бәсекелестіктің артуы «Томирис» медициналық колледжінің кәсіби бағдар беру жұмысын жетілдіру, әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасау қызметіндегі басым бағыттарды айқындайды. Кәсіби бағдар жұмысы – колледж қызметіндегі саналы қажеттілік, оның қызметкерлері негізгі қағиданы қабылдады: егер лайықты студенттерді қабылдаса – колледж нарықтық экономикасы бар қоғамда лайықты орын алады.Колледждегі кәсіби бағдар беру жұмысы келесі міндеттерді шешуге бағытталған:- Оқушылардың колледж мамандықтары мен кәсіптері туралы хабардар болу деңгейін арттыру;
- Колледждің жағымды имиджін қалыптастыру;
- Колледждің білім беру қызметтері нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
- Білікті кадрларды даярлау;
- Жеке тұлғаның саналы кәсіби өзін-өзі айқындауына және қабілеттерін ашуға жағдай жасау.
Осы мақсатта бірқатар іс-шаралар өткізіледі, мысалы:Колледжге экскурсиялар.Экскурсия барысында жоғарғы сынып оқушылары колледждің оқу корпустарын, доклиникалық тәжірибе кабинеттерін аралап, барлық мамандықтар мен кәсіптер жөнінде толық ақпарат беретін таныстырылымдарды тамашалай алады, тақырыптық стендтердегі материалдармен танысады, студенттермен, оқытушылармен әңгімелеседі, сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларға қатысады.
Әртүрлі деңгейдегі іс-шаралар.Колледж имиджін арттырудағы маңызды бағыт – қала мектептерімен бірлескен шараларды ұйымдастыру, спорттық, мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысу болып табылады.
Ашық есік күні.Ақпараттық материалдарды тарату.Бұл жұмыс кең аудиторияны (оқушыларды, олардың ата-аналарын, мұғалімдерді) қамтуға мүмкіндік береді. Ол үшін мектепішілік ата-аналар жиналыстары, кәсіп жәрмеңкелері, бұқаралық іс-шаралар сияқты алаңдар пайдаланылады. Осы мақсатта колледж туралы интерактивті фильм, оның материалдық базасы, жетістіктері мен даму перспективалары, буклеттер, таныстырылымдар, мамандықтар мен кәсіптердің профессиограммалары дайындалған.
Интернет-ресурстарды пайдалану.Колледж өз жұмысында интернет-ресурстарды белсенді қолданады. Колледж сайтында «Кәсіби бағдар жұмысы», «Абитуриентке», «Профессиограмма», «Қабылдау комиссиясының жұмысы» атты веб-беттер бар. Онда мамандықтар туралы, олардың мазмұны, еңбек нарығындағы мәртебесі, білім беру шарттары мен оқу мерзімдері, жұмысқа орналасу перспективалары, әрі қарай білім алуды жалғастыру мүмкіндіктері туралы толық ақпарат ұсынылған. Сондай-ақ сайттан колледжде болып жатқан барлық жаңалықтармен, оқиғалармен танысуға болады.
Осылайша, оқушылармен кәсіби бағдар жұмысы бір жағынан оларды жеке бейімділіктеріне, қызығушылықтарына, қабілеттеріне сәйкес кәсіпті саналы таңдауға дайындаса, қоғамның еңбек ресурстарын экономикаға қажетті мамандықтарға сәйкес ұтымды бөлуге ықпал етеді, екінші жағынан біздің оқу орнының тартымдылығын арттырады.
Бүгінгі таңда мектептерде кәсіби дайындық жүргізу ғана емес, серіктестікті белсенді дамыту, түлектерді жұмысқа орналастыру жүйесін жетілдіру, тағылымдаманы ұйымдастыру, кәсіби мансапты үздіксіз қолдау бағдарламасын әзірлеу қажеттілігі туындап отыр.Соңғы жылдары мамандарды даярлау әр өңірдің даму басымдықтарына сәйкес айқындалып, түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесі аса өзекті болды. Алдағы уақытта студенттердің еңбек нарығында өзін-өзі ілгерілету бағдарламаларын ИКТ-ны пайдалана отырып ұйымдастыру, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жұмыс берушілердің ағымдағы талаптарына және еңбек нарығының перспективаларына сәйкес түзету, әлеуметтік әріптестер санын арттыру жоспарлануда.
Бұл ауданның орта кәсіби білім беру жүйесін дамытудың басты міндеттерінің бірі – кадрлық әлеуетті қалыптастыру, дамыту, еңбек ресурстарын сауатты бөлу және оларды өңірлік еңбек нарығымен динамикалық тепе-теңдікке жеткізуге мүмкіндік береді.