2024-2025 оқу жылына өндірістік оқыту кестесі жасалды. Арнайы пәндер оқытушыларына өндірістік оқытуды ұйымдастыру мен өткізу бойынша оқыту семинары өткізілді, есептік құжаттаманы ұсыну ережелерімен таныстырылды.
Өндірістік практиканың міндеттері – бастапқы кәсіби іскерліктер мен дағдыларды меңгеру, студенттерді жалпы кәсіби және арнайы пәндерді саналы әрі терең оқуға дайындау, таңдап алынған мамандық бойынша практикалық кәсіби дағдыларды қалыптастыру.
Мамандық профилі бойынша практика – арнайы пәндерді оқу барысында алынған білімді бекітуге, кеңейтуге, тереңдетуге және жүйелеуге, нақты ұйымның қызметін зерттеу негізінде алғашқы практикалық тәжірибе алуға бағытталған.
Студенттердің кәсіби практикасы оқытудың қорытынды кезеңі болып табылады және олардың бастапқы кәсіби тәжірибені меңгеруіне, болашақ маманның дербес еңбек қызметіне кәсіби дайындығын тексеруге бағытталады.
Өндірістік (кәсіби) практиканың әдістемелік жетекшілері болып арнайы пәндердің оқытушылары табылады, олар колледж студенттерінің өндірістік (кәсіби) практикасын ұйымдастыруды, қамтамасыз етуді және бақылауды жүзеге асырады.
Өндірістік (кәсіби) практиканың өткізілу мерзімдері колледжбен студенттердің теориялық даярлығы мен колледждің өндірістік базаларының мүмкіндіктерін, ұйымдардағы жұмыс орындарының болуын ескере отырып белгіленеді.
Практика базаларын бекіту колледж әкімшілігімен тікелей байланыстар, ұйымдармен жасалған шарттар негізінде, олардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары мен меншік түрлеріне қарамастан жүзеге асырылады. Ұйымдармен жеке өтініш (құжат) берген студенттер өндірістік (кәсіби) практиканы осы ұйымдарда өтеді.
2024-2025 оқу жылының 1-ші жартыжылдығына 21 топта өндірістік оқыту жоспарланды, 2-ші жартыжылдықта – 35 топта.
1-ші жартыжылдықта өндірістік оқытуға 395 студент жіберілді, оның ішінде 391 студент өтті (4 студент шығып кетті).
Жалпы 2024-2025 оқу жылының 1-ші жартыжылдығы бойынша өндірістік оқытудың қорытындысында үлгерім – 100%, сапа – 90%, орташа балл – 2,88 құрады.
Бізбен байланыс! Mail
Phone
WhatsApp
Астана қ., Алматы ауданы, Рақымжан Қошқарбаев даңғылы, 68
  • Жұмыс уақыты: Дс – Жм
8:00 – 18:00
  • +7 7056914638
  • +7 7172574286